44. Әд-Духан
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Ха. Мим
2Ашық баян етуші Құранға серт
3Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (С. 1-А)
4Ол кеште барлық хикметті істер айрылады
5Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз
6(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші
7Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы
8Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы
9Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда
10(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. (Қуаншылықтан аш қалған елдің көздері бүлдырап, жер, көктің бүлыңғыр көрінетін күні. Немесе қиямет белгілері түрінде қаптайтын қара түнек. Б.Ж.М.К.Р)
11Адамдарды қаптап алады; Бүл жан түршігерлік азап
12Олар: "Раббымыз! Бізден бұл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз
13Оларға үгіт алу қайда? Расында оларға ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген
14Сосын олар одан бұрылды да: "Үйретілген бір жынды" деді
15Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендер қайталайсыңдар
16Өте қатты ұстаумен ұстаған күні, әрине тиісті жазасын береміз
17Расында бұлардан бұрын Перғауын елін де сынаған едік. Оларға ардақты пайғамбар келген
18Алланың құлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендерге сенімді бір Пайғамбармын" деді
19Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық дәлелмен келдім
20Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма және сендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым
21Егер маған иланбасаңдар, менен аулақ болыңдар
22Сонда (Мұса Ғ.С.): "Бұлар қылмысты ел" деп, Раббына жалбарынды
23(Алла Т.): "Құлдарымды түнде алып кет. Сөз жоқ, арттарыңа қуғыншы түседі
24(Теңізден өтіп алғаннан кейін) теңізді ашық қойып қой. Өйткені олар суға бататын ләшкер
25Олар қаншалаған бақшалар, бұлақтар қалдырды
26Қаншалаған егіндер, көркем мекендерді де
27Сондай-ақ ішінде қарқ болып кенелген дәулеттерді де
28Осылайша оларға басқа бір елді мұрагер қылдық
29Сонда оларға көк те жер де жыламады. Әрі олар тостырылмады. (Оларға қайғырған да болмады және мұрса да берілмеді.Б)
30Расында Израил ұрпақтарын қорлаушы бейнеттен құтқардық
31Перғауыннан. Өйткені ол, тым шектен шығушылардан еді
32Расында Израил ұрпақтарын біле тұра әлемге ықпалды қылдық
33Сондай-ақ оларға мұғжизалар бердік. Онда ашық сынау бар еді
34Күдіксіз олар, бүйдейді
35Бізге осы алғашқы өлімнен басқа түк жоқ. Сондай-ақ біз қайта тірілмейміз
36Мүбада рас айтушы болсаңдар, аталарымызды алып келіңдерші
37(Мұхаммед Ғ.С.) олар артық па? Немесе Тұббағ елі ме? Олардан бұрынғы елдер ме? Оларды да жоқ еттік. Өйткені олар қылмысты еді
38Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойыншық қып жаратпадық
39Екеуін хақиқат бойынша жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді
40Расында олардың бір араға жиналатын билік күні
41Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларға жәрдем етілмейді
42Бірақ Алла мәрхамет еткен кісі ғана пайдалана алады. Күдіксіз Ол Алла, тым үстем, ерекше мейірімді
43Шынында заққүм ағашы; (С. 62-А)
44Күнәкарлардың тамағы
45Балқыған кен сияқты қарындарында қайнайды
46Қайнаған су құсаған
47Оны ұстаңдар да сүйретіп, тозақтың ортасына тастаңдар
48Сосын басының үстіне азап ретінде қайнар су қойыңдар
49(Азапты) тат. Расында сен өзіңше үстем, құрметті едің
50Шынында күдіктенген нәрселерің осы
51Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады
52Бақшаларда бұлақтарда
53Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады
54Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз
55Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сұрай алады
56Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған
57Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік
58(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық
59Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath