38. Саад
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Сад. Үгіт толы Құранға серт
2Әрине қарсы болғандар, дандайсып, тартысуда
3Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Сонда олар ойбайлады да; бірақ құтылар заман емес еді
4Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да қарсы болғандар: "Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт" деді
5Тәңірлерді бір-ақ тәңір қыла ма? Әрине бұл тым таңғажайып нәрсе
6Олардың бастықтары келіп: "Жүріңдер, өз тәңірлеріңде сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе
7Тіпті бұны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол
8Арамыздан осыға ғана үгіт түсірілді ме?,- (десті) Олай емес, олар Менің үгітімнен күдіктенуде. Әрине олар азабымды татқан жоқ
9(Мұхаммед Ғ.С.) немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңньің мәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма
10Не көктер мен жердің әрі арасындағылардың иелігі олардікі ме? Ендеше, ыңғайын тауып, көтеріліп көрсін
11(Олар) мұнда соққы жеген рулардан бір қол
12Олардан бұрын Нүх, Ғад елі және салтанат иесі Перғауын да жасынға шығарған еді
13Сондай-ақ Сәмұд, Лұт және Әйке халқы да. Міне осы топтар
14Барлығы да елшілерді жасынға шығарғандықтарынан, азап лайық болды
15Ал енді бұлар да тоқтаусыз бір ғана ащы дауысты күтеді
16Олар: "Раббымыз, есеп күнінен бұрын көресімізді тез көрсет" десті
17(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты құлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой ұсынушы
18Рас оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді. (С. 79-А)
19Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптуші еді
20Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік
21Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді
22Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: "Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал" деді
23Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, "Оны маған тапсыр" деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді
24Дәуіт (Ғ.С.): "Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай" деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды
25Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындыгы, көркем келешегі бар. (Бұл дауа мәселесі, мысал үшін келтірілген. Б.М.К.Х)
26Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына хақиқатпен ткім ет, ойға ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін ұмытулары себепті оларға қатты азап бар
27Көк пен жерді әрі екі арасындағыларды босқа жартпадық. Ол қарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге не өкініш
28Немесе иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, жер жүзіндегі бұзақылардай қыламыз ба
29(Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын
30Дәуіт (Ғ.С.) ке Сүлеймен (Ғ.С.) ді бердік. Ол не деген жақсы құл еді. Рас ол өте бағынышты
31Сол уақытта бір кеште Сүлеймен (Ғ.С.) ге сәйгүлік жүйріктер келтірілді
32Сөз жоқ, мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көремін" деді. Ақыр тұлпарлар көзден ғайып болған сәтте
33Оны маған қайтарып әкеліңдер" (деп,) сонда аяқтарын, мойындарын сипай бастады. (Құран Кәрим түрікше ұғымы, Диянат істері Түркия Құран ұгымы. Т-Қ.Пакістан)
34Расында Сүлеймен (Ғ.С.) ді сынап тағының үстіне бір дене қойдық. (Б.Ж.М.А.) Сосын ол, тәубе қылды
35Раббым! Мені жарылқа. Маған, менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер. Әрине Сен өте жомартсың" деді
36Сондықтан қалаған жерге жетуге, бұйрығымен оңай жүретін желді бағындырдық
37Әр түрлі құрылыс жасаушы және сүңгігіш шайтандарды бағындырдық. (С. 82-А)
38Ал басқа біреулері шынжырларда матаулы еді
39Бұл Біздің бергеніміз. Ал енді қалағаныңа бер. Немесе бермей ұстап тұр, есеп емес. (Ерк өзіңде.)",-(дедік)
40Күдіксіз ол үшін қасымызда жақындық әрі көркеи келешегі бар
41(Мұхаммед Ғ.С.) құлымыз Әйүп (Ғ.С.) гі есіңе ал. сол уақьітта Раббына: "Рас мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты" деп жалбарынды
42Оған: "Аяғыңмен жерді теп. Міне саған шомылатын әрі ішетін суық су" (дедік)
43(Әйүп Ғ.С. қолынан бала-шага, мал-мүлкі кетіп, құрт ауруға ұшыраса да қабақ шытпай сабырмен құлшылық қыла бергендіктөн, Алланың мәрхаметімен сақайып бұрынғыдан да артық халге келеді. Б.М.К.Р.) Бізден бір мәрхамет сондай-ақ ақыл иелеріне бір үгіт түрінде оған семьясын; олармен бірге бір есе артығымен бердік. (Әйтп Ғ.С. әйеліне кейіп, жазылсам, жүз дүре соғамын деп ант етеді. Б.Ж.М.Р)
44Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір ұр. Сертіңнен қайтпа!" Шынында оны сабырлы көрдік. Ол недеген жақсы құл. Өйткені ол, өте бойсұнушы
45(Мұхаммед Г.С.) құлымыз Ыбырайым, Ысхақ және Яғқүп (Ғ.С.) ты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді
46Расында Біз оларды нағыз ахиретті еске алуға арнадық
47Сөз жоқ, олар, қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан
48(Мұхаммед Р.С.) Ысмайыл, Іляс және Зүлкәфіл (Ғ.С.) ді де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді
49Бұл бір насихат. Күдіксіз тақуалар үшін тым көркем келешек бар
50Олар үшін есіктері ашық Ғадын жаннаттары бар
51Олар онда жастанып отырады. Ол жерде мол жемістер, сусындар тілейді
52Олардың қасында телмірген жасыт қор қыздары бар
53Есеп күні үшін сендерге уәде етілгендер осы
54Сөзсіз, таусылмас берген несібеміз осы
55Я, осы! Ал расында азғындар үшін жаман орын бар
56Олардың кірер жерлері тозақ. Сонда нендей жаман орын
57Я, осы! Енді олар, қайнар су, ірің татсын
58Тағы басқа осы сияқтылардың неше түрлісі бар
59(Қылмыстылардың бастықтарына): "Мына топ, сендермен бірге тозаққа кірушілер" (делінеді. Олар): "Оларға жақсылық жоқ. Олар тозаққа кіреді" (дейді)
60Олар: "Олай емес, сендерге жақсылық болмасын! Бұны бізге сендер келтірдіңдер. Нендей жаман орын" (дер)
61Олар: "Раббымыз! Бізге бұны кім келтірген болса, оның тозақтағы азабын неше есе арттыра түс!",- дейді
62Олар: "Бізге не болды? Өздерін жамандардан санаған адамдарды көрмейміз ғой" деседі
63Оларды сықаққа алушы едік. Немесе олар көздерімізге түспей ме
64Күдіксіз, міне осы; тозақтықтардың тартысулары бір шындық
65(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде мен бір ескертуші ғанамын. Өте өктем бір Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" де
66Ол, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы. Тым үстем, аса жарылқаушы
67Бұл бір ірі хабар" де
68Сендер Одан бет бұрсаңдар
69Жоғары әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқ еді
70Шын мәнінде ашық бір ескертуші болғандығынан ғана маған уахи етілуде" (де)
71Сол уақытта Раббың, періштелерге: "Мен балшықтан бір адам жаратамын" деген
72Қашан оны жасап, оған рұхымнан үрлеген сәтте, оған сәждеге жығылыңдар" (делінді)
73Сонда періштелердің бәрі түгел сәжде қылды
74Бірақ Ібіліс сәжде етпей тәкаппарланып, қарсылардан болды
75(Алла Т.): "Әй Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәжде етуден сені не тосты? Тәкаппарландың ба?",- деді
76Ол: "Мен одан артықпын. Өйткені, мені оттан жараттың да оны топырақтан жараттың" деді
77(Алла Т.): "Дереу ол жерден шық. Шын мәнінде сен рахметімнен қуылдың" деді
78Шынында қиямет күніне дейін лағынетім саған болсын
79Ол: "Раббым, онда қайта тірілетін күнге дейін маған мұрса бер" деді
80(Алла Т.): "Рас сен мұрса берілгендерденсің
81Белгілі бір күнге дейін
82Ол: "Үстемдігіңе серт! Әлбетте олардың барлығын аздырамын" деді
83Бірақ олардан ықыласты құлдарың ғана қалады
84(Алла Т.): "Хақиқат осы. Мен хақиқатты айтамын
85Әлбетте тозақты сеніменен және саған ілескендермен, солардың барлығымен толтырамын
86(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендерден оған ақы сұрамаймын. Өз ойымнан шығарушылардан емеспін" де
87Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат
88Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath