96. Әл-Алак
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы
2Ол,адам баласын ұйыған қаннан жаратқан
3Оқы!Ол Раббың аса ардақты
4Сондай қаламмен үйреткен
5Ол,адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен
6Сөз жоқ,адам баласы әрине азады
7Ол,өзін мұңсыз көргендіктен
8Шын мәнінде қайту Раббың жақ
9Көрдің бе,сондай тыйым салғанды
10Бір құл намаз оқыған сәтте.(Әбу Жаһіл: «Мұхаммед намаз оқыса,басын мылжалаймын» деген екен.Б.Ж.К.М.Р)
11Көрдің бе?Егер ол (Мұхаммед Ғ.С) тура жолда болса да
12Немесе тақуалықты бұйырған болса да
13Көрдің бе,егер ол (адам,хақты) өтіріксініп,бет бұрған болса
14Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмез ме
15Жоқ,егер ол,бұдан тыйылмаса,әлбетте кекілінен сүйрейміз
16Өтірікші,күнәкардың кекілінен
17Сонда ол,сыбайлатарын шақырсын
18Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз
19Олай емес,(Мұхаммед Ғ.С) оған бағынба,Аллаға сәжде қыл,жақында
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath