Ислам
артқа

90. Әл-Балад

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Жоқ,осы(Мекке) қаласына ант етемін

2(Мұхаммед Ғ.С) сен осы қалада отырасың

3Әкеге,балаға (Адам Ғ.С мен балаларына) серт

4Расында адамзатты әбігер жараттық

5Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма

6«Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді

7Оны біреу көрмеді дей ойлай ма

8Оған екі көз жаратпадық па

9Әрі бір тіл,екі ерін

10Оған екі жол көрсетпедік пе

11Сонда ол,кедергіні асуға тырыспады

12Кедергінің не екенін қайдан білесің

13Ол;құл азат ету

14Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру

15Жақындағы болған бір жетімді

16Немесе шаң топырақтағы сорлыны

17Сосын иман келтіріп,бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу

18Міне осылар; оңшылдар

19Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар,олар; солшылдар

20Олар тозаққа қамалады

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath