89. Әл-Фаджр
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Ағарған таңға
2Он күн кешіне
3Әр жұп пен таққа
4Өткен түнге серт
5Бұлар,ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма
6(Мұхаммед Ғ.С) Раббыңның Ғад қауымына не істегенін көрдіңбе
7Ұзын діңгекті «Ирам» қаласындағы
8Сондай ол тәрізді қалаларда жасалмаған еді
9Сондай ақ ойпаттар жартастарды ойған Сәмүд еліні (не істегенін.С.74А.,15С.72А., 26С.149А)
10Ол қазықшы Перғауынға (не істегенін. (С.12А)
11Сондай олар,мемлекеттерде шектен шыққан еді
12Сонда олар,ол жерде бұзақылықты көбейткен еді
13Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды. (Азапқа ұшыратты)
14Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы
15Ал енді адамзат,қашан Раббы оны сынай сыйлап,игілікке бөлесе : «Раббым мені сыйлады» дейді
16Қашан оны сынап,несбесін тарайтса: «Раммым мені қорлады» дейді
17Жоқ олай емес. Сендер жетімге құрмет етпейсіңдер
18Бір-біріңді,міскінді тамақтандыруға қызықтырмайсыңдар
19Мирасты тұтас жеп аласыңдар
20Сондай ақ малды өте мөте жақсы көресіңдер
21Тіпті олай емес.Жер соғылысып,быт шыт болған сәтте
22Раббың келіп,періштелер сап сап болған кезде
23Сол күні,тозақ келтіріледі де әрі сол күні,адамзат түсінеді. Ол түсінуден оған не пайда
24Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді» дейді
25Сонда,сол күні ешкім Алланың істеген азабын істей алмайды
26Сондайақ ешкім Оның матауын матай алмайды
27Әй орныққан нәпсі
28Раббыңа,Ол сенен,сен Одан разы болған түрде қайт
29Енді құлдарымның арасына кір
30Сондайақ жаннатыма кір
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath