Ислам
артқа

85. Әл-Буруж

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Жұлдызды аспанға ант

2Уәделі күнге

3Куәлік берушіге куәлік берілгенге серт

4Жер ошақшылардың жаны шықсын

5Отынмен жанған от

6Ол уақытта олар оның маңында отырған

7Олар,мүміндерге істегендерін көрген

8Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем,мақтаулы Аллаға сенулреі ғана еді. (Бір дәуірдегі кәпір патша,Мұсылмандарды ор қазып ішіне,жаққан отқа салады екен.Б.М. басқа рауаяттар да бар)

9Ол сондай Алла,аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла.әр нәрсені көруші

10Негізінде мүмін ерлер,мүмін әйелдерге жапа беріп.сосын тәубе қылмағандар,оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар

11Негізінен иман келтіріп,ізгі іс істегендер,оларға астарынан өзендер ағатын бейіштер бар. Осы,зор мұратқа жетушілік

12Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты

13Өйткені Ол,бастапта жаратып,әрі қайта тірілтеді

14Ол,тым жарылқаушы,өте сүюші

15Ғаршының иесі,аса ұлы

16Ол,қалағанын бұлжытпай істеуші

17(Мұхаммед Ғ.С) саған ләшкерлердің хабары келді ме

18Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің

19Дегенмен қарсы болғандар,өтіріксінуде

20Алла,оларды сырттай орап алған

21Әрине ол,ұлы бір Құран

22Лаухы Махфұзда сақтаулы

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath