Ислам
артқа

84. Әл-Иншиқақ

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Аспан жарылған сәтте

2Лайықты болып,Раббына бой ұсынған кезде

3Жер созылған сәтте

4Ол,ішіндегіні шығарып босатқан сәтте

5Раббына бой ұсынып,лайықты болған кезде

6Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың

7Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе

8Сонда Ол,дереу жеңіл есеппен есептеледі

9Ол,үй ішіне-қуанып кайтады

10Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе

11Сонда ол,дереу өлім шақырады

12Қайнаған тозаққа түседі

13Өйткені ол.өз үйінде мәз-мейрам еді

14Негізінде ол,әсте (Аллаға) қайтпаймын деп,ойлады

15Олай емес.Расында Раббы оны көздеуде еді

16Жоқ,шапақ уақытына

17Түнге әрі ішіндегі нәрсеге

18Толған айға серт

19Әлбетте сендер,бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер

20Сонда оларға иман келтірмейтін не болды

21Оларға Құран оқылған кезде,сәжде қылмайды

22Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді

23Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі

24(Мұхаммед Ғ.С) оларды күйзелтетін азаппен шүйіншіле

25Бірақ иман келтіріп,түзу ғамал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath