Ислам
артқа

83. Әл-Мутаффифин

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Өлшеу,тартуда кеміткендерге нендей өкініш

2Олар қашан өлшеп алса,толық өлшеп алады да

3Қашан олар,өлшеп немесе тартып беретін болса; кемітеді

4Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма

5Ол зор күн үшін

6Ол күні адамдар,бүкіл әлменің Раббының алдында тұрады

7Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады

8Төменгі орынның не екенін қайдан білесің

9Ол жазулы бір кітап

10Ол күні,жасынға шығарушыларға нендей өкініш

11Олар,сондай қиямет күнін өтіріксінгендер

12Оны,шектен шыққан,күнәкар өтіріксінеді

13Қашан оған аяттарымыз оқылса: ''Бұрынғылардың ертегісі'' деді

14Жоқ,бәкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты

15Жоқ,олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарыннан махрұм қалады

16Сосын олар,әлбетте тозаққа кіреді

17Сосын: ''Міне сендердің өтірік дегендерің осы!'', -деліндеді

18Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады

19Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің

20Ол жазулы бір кітап

21Оны,Аллаға жақын періштелер бақылайды

22Негізінен ізгілер,әрине нығымет ішінде болады

23Олар диувандардың үстінде (Алланың нығыметтеріне) қарайды

24Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан таныйсың

25Олар,мөрленген ішімдіктен сусындатылады

26Оның сарқыны жұпар аңқиды.Жарысушылар,осыған жарыссын

27Оның қоры, Тәсним бастауынан

28Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді

29Расында күнәкарлар,иман келтіргендерге күлетін еді

30Олар жандарынан өткенде,ымдасатын еді

31Олар үйлеріне қайтып барған кезде,күңкілдесетін еді

32Қашан олар Мұсылмандарды көрсе : «Сөз жоқ, адасқандар » дейтін еді

33Олар,Мұсылмандарға бақылаушы етіліп жіберілмеді

34Ал енді бүгін мүміндер.кәпірлерге күледі

35Олар тақтардың үстінде қарайды

36«Кәпірлер,істегендерінің пайдасын көрді ме?»

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath