Ислам
артқа

80. Абаса

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Қабақ шытып,бет бұрды

2Оған соқырдың келуімен

3Қайдан білесің,мүмкін ол тазарар

4Не үгіт алар,оған үгіт пайда берер

5Ал енді байсынған;(Құрайш бастықтары) келсе

6Оған көңіл бөлесің

7Ол тазармаса саған не

8Ал енді саған жұгіріп келген біреу

9Ол,(Алладан) қорқады

10Сонда да оған селқос қарайсың

11Жоқ,олай емес.Әлбетте Құран бір насихат

12Сондықтан кім қаласа,үгіт алады

13Құрметті нұсқаларда жазулы

14Жоғары бағаланған тап-таза

15Елшілердің қолында

16Ардақта,игі.(Періштелер;Лаухы Махфуздан көшірген.Б.Ж.Х)

17(Жаны шықсын) Оған,адам баласы қалай қарсы

18Алла адамды не нәрседен жаратты

19Бір тамшыдан жаратып,оны бейнеледі

20Сосын оның жолын оңайластырды

21Кейін оған өлім біріп,оны қабырға қойдырды

22Қалаған сәтте,оны тірілтеді

23Жоқ,ол Алланың әмірін орындамады

24Ал енді адамзат,жеген тамағына бір көз салсын

25Әрине мол су бердік

26Сосын қара жерді қақ айырдық

27Сонда жерде дәнді дақылдар өсірдік

28Жүзімдер,жоңышқалар

29Зәйтіндер,құрмалар

30Ну бақшалар

31Жемістер,өлеңдер

32Сендер әрі малдарың пайдалану үшін

33Ал енді қатты дауыс келген сәтте

34Сол күні,кісі туысынан қашады

35Шешесінен,әкесінен

36Әйелінен және балаларынан

37Ол күні әркімнің ісі ауыр.(Әркім өз халымен әлек)

38Ол күні кейбір жүздер,жарқырайды

39Күлген қуанышты

40Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады

41Оны қара түнек қаптаған болады

42Міне солар,қарсы келген бұзақылар

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath