79. Ән-Наазиат
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Сүңгіп шығарушы
2Баяу тартушы
3Малтап кетуші
4Жарысып озушы
5Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт
6Ол күні қатты сілкініс болады
7Оның артынан тағы бір сілкінеді
8Ол күні жүректер тітірейді
9Көздері төмен қарайды
10(Олар): "Шын, қайта тірілеміз бе?",- дейді
11Қоқым, сүйек болған сәтте де
12(Олар): "Ендеше ол қайғылы бір қайту екен" дейді
13Негізінен ол, бір айғай ғана
14Дереу сол уақытта олар майданда
15Саған Мұсаның хабары келді ме
16Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі "Тұуа" ойпатында дабыстады
17Перғауынға бар. Өйткені ол, азды
18Сонда оган: "Тазарғың келе ме?",- де
19Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың
20Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті
21Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты
22Кейін теріс айналып, жүгірді
23Адамдарды жинап, айғай салып
24Мен сендердің ең ұлы раббыларың" деді
25Сондықтан Алла, оны ахирет, дүние азабымен қолға алды
26Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар
27Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады
28Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді
29Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды
30Сосын жерді төседі
31Одан су және жайылыс майданға келтірді
32Оған таулар орналастырды
33Сендер және малдарың пайдалану үшін
34Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте
35Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады
36Тозақ, көретіндерге көрсетіледі
37Ал енді кім шектен шыққан болса
38Оған дүние әсер еткен болса
39Сонда рас оның орны тозақ
40Ал енді кім, Раббыны; алдына түрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса
41Негізінде оның барар жері ұжмақ
42(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған "Қиямет қашан болады?",- деп сұрақ қояды
43Ол жөнде түсіні беру сенің ісің бе
44Оны қортындысы, Раббыңа байланысты
45Негізінен сен қияметте қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың
46Олар қияметті көрге күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath