77. Әл-Мурсалат
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Жалғасты жіберілгендерге
2Қатты есіп, ұшырушыларға
3Тарқатқан сайын тарқатушыларға
4Айырған сайын айырушыларға
5Сосын зікір тастаушыларға
6Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бұл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бұл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: Періштелер, 2-Желдер, 3-Құран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер
7Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады
8Жұлдыздар сөнген сәтте
9Көк жарылғанда
10Таулар үгітіліп, ұшырылғанда
11Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде
12Қайсы күнге кешіктіріліп еді
13Шешім күніне
14Ол шешім күнін қайдан білесің
15Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш
16Бұрынғыларды жоқ етпедік пе
17Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз
18Күнәкарларға осылай істейміз
19Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш
20Сендерді болымсыз судан жаратпадық па
21Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе
22Белгілі бір мерзімге дейін
23Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз
24Жасынға шығарушыларға сол қүні нендей өкініш
25Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па
26Тірілерге де өлілерге де
27Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық
28Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш
29(Ол күні оларға): "Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер
30Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер" (делінеді)
31Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды
32Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады
33Сары түйелердей
34Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш
35Ол күні олар сөйлемейді
36Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рұхсат берілмейді
37Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш
38Ол шешім күні, сендерді де бұрынғыларды да жинаймыз
39Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар
40Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш
41Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады
42Көңілдері соққан жемістерде
43(Оларға): "Істеген ғамалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын" (делінеді)
44Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз
45Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш
46(Әй кәпірлер!) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расында күнәкарсыңдар
47Жалғанға саюшыларға ол күні нендей өкініш
48Оларға: "Иіліңдер" делінсе, иілмейді
49Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш
50Ал енді олар, бүл Құраннан кейін қайсы сөзге сенеді
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath