74. Әл-Муддассир
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1(Мұхаммед Ғ.С. алғаш Жебрейіл Ғ.С. ді көргенде қобалжып: "Жабыңдар, мені жабыңдар" деп жамылып жатады. Б.Ж.М.Р.) Әй жамылушы
2Түр енді! Адамдарға ескерт
3Раббыңды ұлықта
4Киіміңді тазала
5Әр түрлі лас істерден аулақ бол
6(Қылған ісіңді) көп міндет қылма
7Раббың үшін сабыр ет
8Қашан Сұр ұрілсе
9Міне сол күн, өте ауыр күн
10Негізінен қарсы келушілерге қолайсыз. (Құрайш руынан Мұғайяра ұлы Уәлит Құранды әсерлі жады деген. Б.Ж.Р.М.Х.Т)
11Мен жалғыз жаратқан кісіні өзіме таста
12Оған көптеген мал бердім
13Әзір тұратын ұлдар бердім
14Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым
15Сосын тағы да арттыра түсуімді үміт етті
16Әсте болмайды. Өйткені ол, қасарысқан еді
17Жақында оны өрге зорлаймын
18Өйткені ол, ойластырып, шамалады
19Сосын ол өлгір, қалай шамалады
20Содан кейін ол жаны шыққыр, қайтып мөлшерледі
21Сосын ол, қарады
22Содан кейін ол, қабағын шытып, томсарды
23Сосын ол, теріс айналып паңданды
24Сонда ол: "Бұл, үйретіліп келе жатқан бір сиқыр" деді
25Бұл, адамның ғана сөзі
26Оны жағатын тозаққа саламын
27Ол тозақтың не екенін қайдан білдің
28Кейін қалдырмайды да шала тастамайды
29Ол, адам терісін өртеп кетеді
30Оған он тоғыз (періште) қарайды
31Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық... Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған. Б.Ж.М.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелерімен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: "Алла, бүл мысалмен нені қалайды?",- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі ғана біледі. Бұл адамдар үшін бір насихат
32Жоқ олай емес. Айға серт
33Қайтқан сәтте, түнге серт
34Ағарған сәтте, таңға серт
35Шын мәнінде ол тозақ, әрине ірі уақиғаның бірі
36Адамдар үшін ескерту
37Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаған біреулер үшін ескерту
38Әркім істеген ісінің орнына ұсталады. (С.21-А)
39Бірақ ғамал дәптері оңынан берілгендер басқа. (С. 27-А)
40Олар жаннаттарда сұрасады
41Қылмыстылардан
42Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе
43Олар: "Біз намаз оқушылардан емес едік
44Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік
45Бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік
46Қиямет күнін өтірік деген едік
47Өзімізге өлім келгенге дейін (жалғаса берді" дейді)
48Сонда оларға шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді
49Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды
50Олар мүлде үріккен құлан сияқты
51Арыстаннан қашқан
52Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды
53Жоқ, олар ахиреттен қорықпайды
54Олай емес. Шын мәнінде Құран бір насихат
55Кім қаласа, одан үгіт алады
56Алла қаламайынша, олар, үгіт ала алмайды. Ол Алла, қорқылуға лайық, жарылқау иесі
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath