73. Әл-Муззаммил
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммед Ғ.С)
2Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта
3Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт
4Не оған бігаз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы. (Намаз парыз болудан бұрын, түнде ояу тұру парыз болған. А.Т.Х)
5Әрине саған салмақты (маңызды) Құранды түсіреміз
6Шын мәнінде түнде тұру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы
7Расында күндіз сенің ұзын жұмысын бар
8Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оған нағыз жөнел
9Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие тұт
10Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрде айрыл
11Жасынға шығүрушы ырыс иелерін Маған таста. Оларға біраз мұрсат бер. (С. 23-А)
12Расында Біздің алдымызда боғаулар және тозақ бар
13Қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар
14Сол күні, жер мен таулар қозғалады да таулар құм боп жиналады
15Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік
16Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық
17Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын күннен қайтып сақтанасыңдар
18Ол күннің зардабынан көк жарылады, Алланың уәдесі орындалады
19Расында бұл бір насихат. Ал енді кім қаласа, Раббының жолын ұстайды
20(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, ттнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (Түнде тұруды қалдырды. Б.Ж.М.) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath