Ислам
артқа

72. Әл-Джин

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді" де. Сонда жындар: "Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық" деді

2Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз

3Расында Раббымыздың ұлықтығы өте жоғары, Ол, қатын, бала иемденбейді

4Өйткені біздің ахымақтар, Аллаға шатақ сөйлеп жүр екен

5Расында адамдар мен жынды, Аллаға байланысты әсте өтірік айтпайды деп ойлаган едік

6Шынында адамдардан кейбір ерлер; жындардың кейбір ерлеріне сиынатын еді де сонда олар, жындардың менменсуін арттыратын еді. (Құлазыған иен даланың қорғаушысы жын деп сиынатындар болған. Б.Ж.М)

7Олар да сендердің Алла ешкімді қайта тірілтпейді деп ойлағандарың тәрізді ойлаған еді

8Әрине көкке қарманғанымызда, оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық

9Әлбетте тыңдау үшін; аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді" (С. 17-18-А)

10Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма

11Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар; түрлі жолдарда едік

12Шынында жер жүзінде Алланы еш жеңе алмайтындығымызды, қашып құтыла алмайтындығымызды аңғардық

13Расында осы тура жолды естіп, Оған сендік. Кім Раббына иман келтірсе, сонда ол, кемшіліктен де зияннан да қорықпайды

14Бізден Мұсылмандар да туралықтан адасқандар да бар. Сонда кім Мұсылман болса, ал міне солар, туралықты іздейді

15Ал енді адасқандар, тозаққа отын болады

16(Егер жындар мен адамдар,) ол жолда тұп-тура жүрсе, әрине оларға мол су нәсіп етеміз

17Оларды онда сынау үшін. Кім Раббының зікірінен жалтарса, Раббы оны барған сайын арта түсетін азапқа ұшыратады

18Шын мәнінде мешіттер, Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар

19Расында Алланың құлы (Мұхаммед Ғ.С.) тұрып, Аллаға ғибадат қылған сәтте; олар, оның үстіне үймелеп жабыса жаздады

20(Мұхаммед Ғ.С.): "Шын мәнінде мен Раббыма құлшылық қылып, Оған ешбір серік қоспаймын" де

21Расында мен сендерге зиян келтіре алмаймын да игілік те істей алмаймын" де

22Расында ешкім мені, Алланың азабынан сақтай алмайды да мен де Одан өзге пана таба алмаймын

23Бірақ мен, Алладан әрі Оның пайғамбарлық міндеттемелерінен жалғастырамын. Кім Аллаға, Пайғамбарына қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар

24Ақыр өздеріне уәде етілген азапты көрген сәтте, кімнің көмекшісі нашар, саны аз екенін олар біледі

25(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендерге уәде етілген азап жақын ба? Не Раббым, оны созып қойды ма? Білмеймін" де

26Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды

27Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды

28Олардың, Раббыларының міндеттеиелерін анық жалғастыргандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath