71. Нұх
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Расында Нұх (Ғ.С.) ты, еліне: "Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт" деп, жібердік
2(Нұх Ғ.С.): "Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін" деді
3Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар
4Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді
5(Нұх Ғ.С.): "Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым
6Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды
7Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды
8Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым
9Одан кейін мен оларға ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым
10(Сондай-ақ оларға): "Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы." дедім
11Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді
12Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады
13Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды
14Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты
15Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме
16Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды
17Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді
18Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады
19Алла сендерге жерді төсеніш қылды
20Оның кең жолдарында жүрулерің үшін
21Нұх (Ғ.С.): "Раббым! Расында олар маған қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті
22Олар зор айлакерліктер істеді
23Және олар: "Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғүқ және Насырды әсте тастамаңдар" деседі. (Бұлар, бұттарының аттары)
24Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр
25Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады
26Нұх (Ғ.С.): "Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма" деді
27Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады
28Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр" деді
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath