Ислам
артқа

70. Әл-Мааридж

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады. (С. 32-А)

2Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ

3Ол азап биік дәреже иесі Алладан

4Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады

5(Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет

6Олар қияметті ұзақ көреді

7Біз жақын көреміз

8Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады

9Таулар, түтілген жүндей болады

10Дос, достың халін сұрамайды

11Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді

12Әйелін де туысын да

13Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де

14Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді

15Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от

16Теріні сояды

17Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады

18Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады

19Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған

20Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз

21Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң

22Бірақ намаз оқушылар басқа

23Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды

24Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар

25Сұрағанға да сұрамағанға да. (С. 19-А)

26Тағы сондай қиямет күнін растағандар

27Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар

28Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес

29Сондай ұятты жерлерін сақтағандар

30Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ

31Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар

32Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар

33Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар

34Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер

35Міне солар бейіштерде құрметке бөленетіндер

36(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды

37Оңнан, солдан топ-топ болып

38Олардың әрбірі нығметті ұжмаққа кіруді үміт ете ме

39Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық

40Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді

41Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды

42(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын

43Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді

44Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath