Ислам
артқа

69. Әл-Хаакка

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Болуы анық қиямет

2Ол, болуы анық не нәрсе

3Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің

4Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды

5Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды

6Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді

7Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің

8Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе

9Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен

10Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған

11Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық

12Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық

13Сонда бір рет Сұр ұрілген сәтте

14Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте

15Міне сол күні, қиямет уақиғасы болады

16Сол күні, көк жарылып, босайды

17Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді

18Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды

19Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; "Алыңдар, кітабымды оқыңдар!",- дейді

20Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем

21Сонда ол, қуанышты тіршілікте

22Көтеріңкі жаннатта болады

23Жемістері салбырап тұрады

24(Оларға): "Өткен күнде істеген ғамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын" (делінеді)

25Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: "Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді" дейді

26Есебімнің не екенін білмесем екен

27Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді)

28Малым, маған еш пайда бермеді

29Күш-қуатым жойылып кетті" (дейді)

30Оны ұстаңдар да байлаңдар

31Сосын оны тозаққа салыңдар

32Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар" (делінеді)

33Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген

34Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді

35Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ

36Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ

37Оны күнәкарлар ғана жейді

38Сонда көрген нәрселеріңе серт

39Және көрмеген нәрселеріңе де серт

40Күдіксіз бүл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М)

41Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер

42Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер

43Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген

44Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса

45Әрине оның оң жағынан қолға алар едік

46Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік)

47Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды

48Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат

49Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз

50Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет

51Шүбәсыз ол Құран, анық шындық

52(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше үлы Раббыңды атымен дәріпте

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath