68. Әл-Қалам
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Нұн: (Ұғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт
2(Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің
3Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар
4Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің
5Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді
6Жындылық қайсыларыңда екен
7Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі
8Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба
9Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (Оларды бұттардан тыймасаң сонда оларда жұмсайды. Б.М)
10(Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарга бой ұсынба
11Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да
12Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да
13Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (Мұғаияра ұлы Уәлід)
14Бұлар малды, балалы болса да
15Оған аяттарымыз оқылған сәтте: "Бұрынғылардың ертегісі" деді
16Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (Тұмсығын тасқа тигіземіз.) (Бір жомарт адамның бақшасына мұрагер болған балалары, іштарлық еткендіктен апатқа ұшырайды. Б.М.Р.Х.Т)
17Бұларға бақша иелеріне пеле бергендей пеле бердік. Сол уақта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті
18Алла қаласа демеді
19Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды
20Бақша қара түнектей болды
21Сонда олар, таң сәріден дабыстады
22Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер" деп
23Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты
24Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін" деп
25Олар, ктші жете тұра таң сәріден оңаша кетті
26Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: "Анық адасқан екенміз;",- десті
27Жоқ, біз құр қалған екенміз" (десті)
28Олардың орта көз қарастағысы: "Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бө?",- деді
29Олар: "Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан борған екеміз" десті
30Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты
31Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық" десті
32Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз
33Міне бейнет осындай. Әрине ахирет азабы тағы зор, егер олар білген болса
34Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар
35Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе
36Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер
37Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма
38Расында онда сендердің ұнатқандарың бар ма
39Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шәксіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма
40(Мұхаммед Ғ.С.) олардан сұра: "Расында осыған олардың қайсылары жауапкер екен
41Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін
42Қиямет күні, балтыр ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды
43Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын
44(Мұхаммед Ғ.С.) енді осы сөзді (Құранды) жасынға шығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз
45Оларға мұрсат беремін. Шынында шараларым күшті
46(Мұхаммед Ғ.С.) немесе сен олардан жалақы сұрап, олар, ауыр зиянға ұшырады ма
47Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма
48(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойынаша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын. (С. 139-147-А)
49Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді
50Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті
51Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: "Ол анық жынды" дейді
52Негізінде бұл Құран әлемдерге насиқаттан басқа нәрсе емес
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath