63. Әл-Мунафиқун
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1(Мұхаммед Р.С.) саған мұнафықтар келген кезде: "Сені, анық Пайғамбар деп айғақ боламыз" деді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді
2Олар анттарын қалқан етеді де Алланың жолынан тыяды. Күмәнсыз олардың істегендері нендей жаман
3Міне расында олар, иман келтіріп, кейін қарсы келгендіктерінің салдарынан жүректері бітелген Енді олар, түсінбейпі
4(Мұхаммед Ғ.С.) оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар, әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. (Өз қылықтарынан үрейленеді.) Олар дұшпан. Сондыктан олардан сақтан. Оларды Алла типыл қылсын. Қайда адасып, бара жатыр? (Мұнафықтардың бастығы Ғабдолла Үбай ұлы, тағы басқалары зор денелі келбетті де шешен адамдар еді. Келіп, дуарға сүйеніп түрып, әдемілеп сөйлеуші епі. Б.Ж.М.Т)
5Рауаят бойынша Мұсталық ұлдарымен болған бір қақтығыста, суға таласып, Ғабдолла Үбай ұлы, мүһажірлерді өте ауыр сөздермен қорлайды. Пайғамбарға білініп; оны шақырып алып, сұрағанда, ант-су ішіп, жылмия танады. Өтірігі шыққаннан кейін оған, Пайғамбар (Ғ.С.) дан: "Кешірім сұра, Алладан жарылқау тілесін" десе, қасарысып көнбейді. Б.М.) Егер оларға: "Келіңдер, Алланың Елшісі сендерге жарылқау тілесін" делінсе, олардың бастарын шайқағанын көресің. Олар бет бұрып, текаппарланады
6(Мұхаммед Ғ.С.) олар үшін жарылқау тілесең де тілемесең де бәрі бір. Оларды Алла жарылқамайды. Алла (Т.) бұзақы елді тура жолға салмайды
7Олар: "Алланың Елшісінің жанындагы кісілерге еш нәрсе бермеңдер, олар тарқап кетсін" дейді. Негізінде көктер мен жердің қазынасы Аллаға тән. Бірақ мұнафықтар ұқпайды
8Ол мұнафықтар: "Егер соғыстан қайтып, Мединеге барсақ; ол жерден ардақтылар, інжықтарды әлбетте шығарады" дейді. Негізінде ғиззат Аллаға, Елшісіне әрі Мұсылмандарға тән. Бірақ мұнафықтар білмейді
9Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар
10Сендерден біреулеріңе өлім келіп: "Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам" деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар
11Қашан біреудің ажалы келсе, Алла, оны әсте кешіктірмейді және Алла, істегендеріңді толық біледі
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath