Ислам
артқа

56. Әл-Уақия

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Қиямет уақиғасы болған кезде

2Оның болуын өтірік деуші болмас

3(Ол) төмендетеді, жоғарлатады

4Сол уақытта жер тұтас сілкіндіріледі

5Таулар мүлде үгітіледі

6Ұшқан тозаңдай болады

7Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер

8(Ғамал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар

9(Ғамал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар

10Озаттар алдынғы қатарда болады

11Міне солар, Аллаға жақын болғандар

12Ұжмақта нығметке бөленеді

13Бұрынғылардан көбірек

14Соңғылардан азырақ

15Безенген тақтар үстінде

16Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады

17Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді

18Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, құмандар және кәселерменен

19Ол; бас ауыртпайды да мас қылмайды

20Қалаған жемістері бар

21Көңілдері соққан құс еті бар

22Бота көз хұрлар бар

23Сақтаулы інжу сияқты

24Бұл істеген ғамалдарының сыйлығы

25Олар жаннатта бос не күнәлы сөз естімейді

26Бірақ "Сәлем, сәлем" деген сөзді ғана естиді

27Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты

28Олар тікенсіз сидыр (ағаштары)

29Жемістері үсті-үстіне шоғырланған мұз (банан) ағаштарының

30Созылған көлеңкенің астында болады

31Сарқырап аққан су бар

32Мол жеміс бар

33Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын

34Биік төсектерде болады

35Расында хұр қыздарын жаңадан жаратамыз. (Немесе жаннаттық әйелдерді қайтадан жаратамыз.Б)

36Оларды ер көрмеген қыздар етіп, жаратамыз

37Күйеуін сүйгіш құрдас болады

38Бұл айтылғандар, оңшылдар үшін болады

39Бір топ бұрынғылардан

40Бір топ соңғылардан

41Солшылдар, сол шолшылдар невдей сұмырай

42Олар ыстық бу, қайнар суда болады

43Қара түнек көлеңкеде болады

44Салқын да емес, жайлы да емес

45Өйткені олар, бұдан бұрын (дүниеде) тоң мойын әуесқорлар еді

46Зор күнәда қасарысушы еді

47Өліп, топырақ және сүйектер болсақ та шын тірілеміз бе?",- дейді

48Бұрынғы аталарымыз да тіріле ме?",- (дейді)

49(Мұхаммед Ғ.С.): "Сөзсіз бұрынғылар да, соңғылар да.",- де

50Әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады" (де)

51Сосын сендер әй адасқан өтірікшілер

52Әлбетте ағаштан, Заққұмнан жейсіңдер

53Одан қарындарыңды толтырасыңдар

54Оның үстіне қайнар судан ішесіңдер

55Шөлдеген түйеше, сіміресіңдер

56Міне олардың қиямет күнгі сыйлықтары

57Сендерді Біз жараттық. Сонда неге мойындамайсыңдар

58Сендер тамызған мәни суын көрдіңдер ме

59Оны сендер жаратасыңдар ма? Немесе Біз жаратмыз ба

60Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім озалмайды

61Сендердің бейнелеріңді өзгертіп, сендер білмегенді жарата аламыз

62Расында бұрынғы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер ме

63Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме

64Оны сендер өсіресіңдер ме? Не Біз өсіреміз бе

65Егер қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік. Сонда күңкілдесе берер едіңдер

66Расында зиянға ұшырадық

67Тіпті мүлде бос қалдық" (дер едіңдер)

68Ішкен суларыңды көрдіңдер ме

69Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба

70Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме

71Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме

72Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? немесе Біз жараттық па

73Біз оны бір ескерткіш және жүргіншілер үшін пайдалы қылдық

74(Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше Раббыңды ұлы атымен дәріпте

75Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін

76Егер білсеңдер, ол, зор серт

77Шын мәнінде ол ардақты Құран

78Кітапта (Лаухы Махфүзда. Б.М.Р.) сақтаулы

79Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. (Дәретсіз кісі ұстамайды)

80Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген

81Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме

82Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма? (Ж)

83Ал жан жұтқыншаққа келген кезде

84Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар

85Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер

86Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар

87Егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы

88Ал егер өлген кісі, Аллаға жақындардан болса

89Сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті ұжмақ бар

90Ал енді өлі оңшылдардан болса

91Саған оңшылдардан, "Сәлем" (делінеді)

92Егер өлі, жасынға шығарушы адасқандардан болса

93Сонда оның қонақ асысы, қайнар судан болады

94Әрі тозаққа салынады

95Сөзсіз міне анық шындық осы

96(Мұхаммед Ғ.С.) үлы Раббыңды атымен дәріпте

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath