55. Ар-Рахман
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Аса қамқор Алла
2Құранды үйретті
3Адамзатты жаратты
4Оған сөйлеуді үйретті
5Күн мен ай есеппен жүреді
6Өсімдік, (жұлдыз), ағаш Оған бас иеді
7Ол, аспанды биіктетіп, оған тең бір өлшеу қойды
8Өлшеуде шектен шықпаңдар
9Сондай-ақ тартуды әділетпен орындаңдар, таразыда кемітпеңдер
10Алла, жерді жәндіктер үшін жасады
11Жерде жемістер және шоқты құрмалар бар
12Онда қабықты ұрық және аңқыған өсімдіктер өседі
13Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
14Ол, адамзатты құмырадай сыңырлаған құрғақ топырақтан жаратты
15Жындарды оттың жалынынан жаратты
16Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
17Ол, (жазғы-қысқы) екі шығыстың Раббы әрі екі күн батыстың Раббы
18Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
19Ағызған екі теңіз қосылады
20Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды
21Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін жасынға айналдырасыңдар
22Екі теңізден де інжу-маржан шығады
23Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
24Теңізде таулар құсап жүрген кемелер Оған тән
25Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
26Бүкіл жер жүзіндегілер түгейді
27Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббыңның дидары мәңгі қалады
28Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
29Көктердегі әрі жердегі әркім Одан сұрайды, Ол, әр күні шұғылдануда
30Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
31Әй екі топ! (Адамзат пен жын.) Есептеріңді көреміз
32Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
33Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласындар
34Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
35Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі. Өздеріңді құтқара алмайсыңдар
36Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
37Көк жарылып, майдай еріп, гүлдей қызарған кезде
38Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
39Сонда ол күні, адамзат пен жындар күнәсынан сұралмайды. (Өйткені, Аллаға мәлік)
40Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
41Күнәкарлар кескіндерінен танылады да кекілдері мен аяқтарынан ұсталады
42Ендеше, Раббыларықның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
43Міне осы күнәкарлардың жасынға шығарған тозағы
44Олар тозақ пен қайнар судың арасында айналып жүреді
45Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
46Раббының хұзырына шығудан қорыққан кісіге екі бейіш бар
47Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
48Екеуі де түрлі жемісті
49Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
50Ол екеуінде ағатын екі бұлақ бар
51Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
52Ол екеуінде жемістер пар-парымен
53Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
54Олар астары қалың жібек төсектерге сүйеніп отырады. Екі бақшаның жемістері жақын тұрады
55Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
56Бейіштерде өз ерлеріне телмірген сондай-ақ өздеріне олардан бұрын адамдар да жындар да соқтықпаған жұбайлар бар
57Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
58Ол жұбайлар; яқұт, маржан сияқты
59Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
60Жақсылықтың сыйлығы жақсылық қана
61Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
62Бұл екі бақшадан өзге бақша бар
63Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіқдер
64Екеуі де жап-жасыл
65Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
66Екі бақшада атылып қайнаған екі бастау бар
67Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
68Ол екі бақша да түрлі жемістер және құрма, анар бар
69Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
70Ол ұжмақтарда қөркем мінезді, сұлу жұбайлар бар
71Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
72Шатырларда тұратын хұрлар бар
73Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
74Ол хұрларға олардан бұрын адамдар да жындар да жуымаған
75Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
76Бейіштегілер, жасыл дивандарға, көркем төсеніштерге жастанып отырады
77Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
78(Мұхаммед Ғ.С.) Аса ардақты, жомарт Раббыңның аты өте жоғары
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath