Ислам
артқа

53. Ән-Нәжм

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Батып бара жатқан жұлдыздарға серт

2Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С.) адаспады да ауытқымады

3Ол өз ойынан сөйлемейді

4Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана

5Оған оны өте күшті (Жебрейіл Ғ.С.) үйретті

6Ол қуат иесі (Жебрейіл өз бейнесінде) тура түрды. (Бүл көрініс Хыра тауында болған. Ж.Р)

7Ол, жоғары көк жиекте еді

8Ол, жақындап төмендеді

9Тіпті садақтың екі басындай әлде жақынырақ

10Сонда Алла, құлына уахи ететін нәрселерін көкейіне салды

11Оның көзінің көргенін көңлі жалғанға шығармады

12Ал енді оның көрген нәрсесіне сендер таласасыңдар ма

13Расында ол, Жебрейілді екінші рет көрді

14Тұрақтау ағашының жанында

15Оның қасында Мәуа жаннаты бар

16Сол уақытта ағашты қаптаған нәрсе қаптады

17(Мұхаммед Ғ.С.ның) көзі таймады да үстірт қарамады

18Расында ол, Раббының ірі белгілерін көрді

19Лат пен Ғүззаны көрдіңдер ме

20Үшінші басқа Менатты

21Еркек сендердікі де ұрғашы Алланікі ме

22Онда бұл, орынсыз бір бөліс

23Бұл, сендер және аталарың қойған құр аттар ғана. Алла оларға байланысты бір дәлел түсірген жоқ. Олар ойларына көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында оларға Раббыларынан туралық (Пайғамбар) келді

24Немесе адамзатқа көксегені бола бере ме

25Негізінде ахирет, дүние Алланың иелігінде

26Көктерде қаншалаған періште бар. Алла қалап, разы болған кісісіне рұхсат бермейінше, олардың шапағаты еш нәрсеге жарамайды

27Шынында сондай ақиретке иман келтіргендер, періштелерді (Алланың қыздары деп) әйел атымен атайды

28Негізінде оған байланысты бір мәліметтері жоқ. Ойға ғана ереді. Шын мәнінде құр ой, шындық жағынан еш нәрсеге тұрмайды

29(Мұхаммед Ғ.С.) үгітімізден жалтарып, дүние тіршілігін ғана қалаған кісіден бет бұр

30Міне олардың білімі осыған-ақ жетеді. Шынында Раббың жолынан адасқан кісіні де жақсы біледі. Және тура жолға түскенді де жақсы біледі

31Көктердегі әрі жердегі нәрселер Аллаға тән. Сондай жамандық істегендер, істегендерімен жазаланады да жақсылық істегендерді жақсылыққа бөлейді

32Сондай күнәлардың үлкенінен және арсыздықтан сақтанғандардың аздаған кінәлары болса да шәксіз Раббыңның жарылқауы кең. Сендерді жерден жаратқанда және аналарыңның қарнында шикі өкпе кездеріңді де жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол, кім тақуа екенін жақсы біледі

33(Мұхаммед Ғ.С.) сондай бет бұрғанды көрдің бе

34Ол, аз берді, тоқтатты

35Оның жанында құпия білім болып, шындықты сол көре ме

36Оған Мұса (Ғ.С.) ның нұсқаларындағы нәрселер білдірілмеді ме

37Сондай-ақ әмірді орындаушы Ыбырайым (Ғ.С.) ның да

38Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді

39Адамзат; еңбегіне жарай ғана табысқа ие болады

40Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді

41Сонсоң оған еңбегінің бодауы толық беріледі

42Күдіксіз Раббыңа тиянақтайды

43Шын мәнінде күлдірген де жылатқкан да Ол

44Өйткені, өлтірген де тірілткен де Ол

45Шүбәсыз Алла, ер, әйелді жүп жаратқан

46Тамызылған бір тамшы "мәни" суынан

47Шәксіз екінші жасау да Оған тән

48Сөз жоқ, байытқан да өркендеткен де Ол

49Расында Ол, "Шығра" жүлдызының Раббы

50Күдіксіз бұрынғы Ғад елін жоқ етті

51Сондай-ақ Сәмұд елін де қалдырмады

52Одан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымын да. Өйткені олар өте залым, тым жолдан шыққан еді

53Төңкерілген кентті жермен-жексен етті. (Лұт Ғ.С. ның елі)

54Сонда оларды апат қаптаған сайын қаптады

55Ал енді Раббыңның қай нығметтерінен күмәнданасыңдар

56Бұл Пайғамбар бұрынғы ескертушіден бір ескертуші

57Қиямет жақындады

58Оны Алладан өзге әшкерелеуші жоқ

59Ал енді сендер осы сөзге таңырқайсыңдар ма

60Күлесіңдер, жыламайсыңдар

61(Сәжде бар.) Сендер кәперсізсіңдер

62Ал енді Аллаға сәжде қылып, құлшылық істеңдер

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath