Ислам
артқа

52. Ат-Тур

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Тұр тауына

2Жазулы Кітапқа

3Теріге жазулыға

4Толықсыған үйге, (Көктегі қыблаға)

5Көтерілген төбеге, (көкке)

6Және ыстық теңізге серт

7Сөзсіз Раббыңның азабы болады

8Оны тойтарушы жоқ

9Ол күні аспан қатты теңселеді

10Таулар үшіп жүреді

11Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш

12Олар, сондай орынсыз сүңгіп ойнағандар

13Олар сол күні, тозаққа итеріліп, тасталады

14Міне! Сендер өтірік деген тозақ

15Ал осы бір сиқыр ма? Немесе сендер көрмейсіңдер ме

16Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар да сендерге бәрі бірдей. Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар

17Әрине тақуалар ұжмақтарда ырысқа бөленеді

18Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді. Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған

19Істеген ғамалдарың себепті жеңдер, ішіңдер. Сіңімді болсын

20Тізілген дивандарға сүйенген түрде" (делінеді.) Оларды бота көз хүрлармен үйлендіреміз

21Сондай иман келтіргендер, олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол ұрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ олардың ғамалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауына ұсталады. (С. 38-А)

22Оларға бейіште қызығатын ет пен жемісті молайтамыз

23Олар бейіште тостағанға таласады. Онда бір орынсыз сөйлеу де күнәкарлықта болмайды. (С. 47-А. 56.С. 19-А)

24Оларға сәдептегі інжу тәрізді жастар айналып, қызмет етеді

25Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады

26Расында біз, бұрын (дүниеде) семьямызда да қорқушы едік" деседі

27Сондықтан Алла бізге игілік етті де заһарлы азаптан қорғады

28Расында біз, бұрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол, игілік істеуші, ерекше мейірімді" (деседі)

29(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді үгіттей бер. Өйткені сен Раббыңның нығметі арқасында бақсы да жынды да емессің

30Немесе олар сені: "Ол бір ақын. Сондықтан оған жаман заманның болуын тосамыз" дейді

31Оларға: "Күтіңдер. Мен де сендермен бірге күтемін" де

32Немесе оларға бұны ақылдары әмір ете ме? Не олар азғын бір ел ме

33Я, болмаса олар: "Кұранды өзі жасап алды" дей ме? Жоқ, олар иман келтірмейді

34Ендеше, егер олар шыншыл болса, Құран сияқты бір сөз келтірсін. (С.23-А., Ю.С. 38-А., 11-С. 13-А)

35Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме

36Яки олар, көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды

37Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Я, олар игеруші ме

38Немесе, олардың шығып тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың тыңдаушылары ашық бір дәлел келтірсінші

39Немесе қыздар Алланікі де ұлдар сендердікі ме

40(Мұхаммед Ғ.С.) не сен олардан ақы тілеп сондықтан олар ауыр борышқа жығылды ма

41Немесе олардың қасында ғайыптың мәліметі бар да олар соны жаза ма

42Не болмаса, олардың бір әдіс қылғылары келе ме? Сонда қарсы болғандардың өздері тұзаққа түседі

43Әлде олардың Алладан басқа тәңірі бар ма? Алла олардың қосқан теңеулерінен пәк

44Олар аспаннан түсіп келе жатқан бір кесек көрсе де: "Шоғырланған бұлт" дейді

45(Мұхаммед Ғ.С.) енді оларды жоқ болатын күндеріне жолыққандарына дейін қойып қой

46Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді әрі оларға көмек те етілмейді

47Шүбәсыз ондай залымдарға одан өзге де азап бар. Бірақ олардың көбі түсінбейді

48(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның үкіміне сабыр ет. Өйткені сен көз алдымыздасың. Орныңнан тұрған шақта, Раббыңды мақтай дәріпте

49Түннің бір бөлімінде және жұлдыздар батар кезде де дәріпте. (Құптан және таң намазын оқы. М.Ж)

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath