Ислам
артқа

51. Әз-Зәрият

әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді

1Соғып ұшырушы желдерге

2Мол жаңбыр көтеруші бұлттарға

3Жеңіл жүруші кемелерге

4Істі бөлуші періштелерге серт

5Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әрине рас

6Әлбетте қиямет болады

7Жолдары бар аспанға серт

8Қүмәнсыз сендер талас-тартыс сөздесіңдер

9Шындықтан бұрылған бұрылады

10Ой жорушылар құрысын

11Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылуда

12Олар: "Қиямет қашан" деп сұрайды

13Ол, олардың отқа жағылатын күні

14Оларға: "Азаптарыңды татыңдар! Асығып, тілегендерің осы" (делінеді)

15Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады

16Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бұдан бұрын жақсылық істеуші еді

17Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді

18Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді

19Олардың малдарында; сұрағанға да сұрамағанға да тиесі бар

20Жер жүзінде нак сенушілерге дәлелдер бар

21Сондай-ақ өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме

22Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте

23Көк пен жердің Раббына серт. Штбәсыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас. (Бір-біріңе сөйлеген сөздерің қандай рас болса, сондай рас)

24(Мұхаммед Ғ.С.) саған Ыбырайым (Ғ.С.) нық ардақты қонақтарының (періштелердің) әңгімесі келді ме

25Олар Ыбырайым (Ғ.С.) ға кіргенде: "Сәлем" десті. Ыбырайым (Ғ.С.) да оларға: "Сәлем, бөгде қауым" деді. (С. 69-А., 15-С. 50-А)

26Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау әкелді

27Оны оларға жақындатып: "Жемейсіңдер ме?",-деді

28Олардан тіксініп, қорықты. Олар: "Қорықпа!",- деді де оны білгіш бір ұлмен куантты

29Сонда Ібырайым (Ғ.С.) ның жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да: "Баладан қалған бір кемпірмін" деді

30Олар: "Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші" десті

31(Ыбырайым Ғ.С.): "Әй елшілер! Бұйымтайларың не?",- деді

32Шынында біз қылмысты бір елге жіберілдік

33Оларға балшықтан пісірілген тас жаудыру үшін

34Раббық тарапынан, шектен шығушылар үшін белгіленген" (деді)

35Ол жерден мүміндерді шығардық

36Дегенмен ол жерде Мұсылманнан бір үйден басқа таппадық. (Лұт Ғ.С. мен екі қызы. Ж.) (С. 30-А)

37Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибрат қалдырдық

38Мұсада да (ғибрат) бар. Оны ашық мұғжизалармен жіберген уақытта

39Перғауын сыбайластарымен теріс айналып: "Жады немесе жынды" деді

40Сондықтан оны әрі ләшкерлерін қолға алып, оны өзіне сөгіс берген түрде теңізге тастадық

41Ғад елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға зиянды қатты дауыл жібердік

42Ол, тиген нәрсесін мұлде шіріген сүйектей етіп тастайды

43Сәмұд елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға: "Бір мерзімге дейін пайдалана тұрыңдар" делінді

44Сонда олар , Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтан олар, қарап түрғанда нажағай түсті

45Сонда олардың тұруга да шамалары келмеді әрі жәрдем де көрмеді

46Бұрын Нұх (Ғ.С.) елін жоқ еттік. Өйткені олар, бұзақы ел еді

47Аспанды құдыретімізбен жасадық. Шын мәнінде күшіміз жетеді

48Сондай-ақ жерді төседік. Недеген жақсы төсеушіміз

49Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық. (С. 36-А)

50(Мұхаммед Ғ.С. оларға): "Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін" (де)

51Алламен бірге басқа тәңір қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық өскертушімін" (де)

52Міне осылайша олардан бұрынғылар да пайғамбар келгенде, оларды: "Мұлде жады немесе жынды" деген

53Олар бұл жөнде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққан қауым

54(Мұхаммед Ғ.С.) олардан бет бұр. Сонда сөгіске ұшырамайсың

55Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді

56Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым

57Олардан бір несібе тілемеймін әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын

58Шүбәсыз Ол Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие

59Сөз жоқ. Сондай зұлымдық қылғандардың, жолдастарының күнәлары тәрізді күнәлары бар. Сондықтан Менен асығып тілемесін

60Өздеріне уәде етілген күнге қарсы келгендерге нендей өкініш

көзі: Khalifah Altai

WEBREATH · 11:11

«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7

Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.

WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath