50. Қаф
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Қаф және биік дәрежелі Құранға серт
2Керісінше кәпірлер өздеріне араларынан бір ескертуші келуін: "Бұл бір ғажайып нәрсе" десті
3(Және былай десті): "Біз өліп топырақ болған кезде, (қайта тірілеміз бе?) Бұл қайту ақылдан ұзақ
4Расында жердің олардан нені кеміткенін білеміз. Жанымызда әр нәрсені сақтаушы бір Кітап бар. (Лаухы Махфүз Б.М)
5Әрине олар, хақиқат келген сәтте, жасынға шығарды. Сондықтан олар, бір дағдарыста
6Олар үстеріндегі аспанға қарамай ма? Оны қалай жасап, безедік. Оның ешбір сызаты жоқ
7Жерді төсеп, онда әр түрлі көркем нәрселерді өсірдік
8Әрбір бейім құл үшін; бір белгі және үгіт
9Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылы бақшалар және орылатын астық өсірдік
10Қауашақтары шоғырланган ұзын құрма ағаштарын өсірдік
11Құлдарға көрек үшін. Сондай-ақ жаңбырмен жансыз жерге жан бердік. (Қайта тіріліп,) шығуда сол тәрізді
12Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) қауымы, Рәс халқы және Сәмұд елі де жасынға айналдырған болатын
13Ғад, Перғауын және Лұттың ағайындары да
14Әйкеліктер және Тұббағ елі, барлығы пайғамбарларды жасынға айналдырған. Сондыктан уәде шынға айналған. (Азапқа ұшыраған)
15Алғашқы жарату Бізді шаршартты ма? Жоқ, олар жаңа жаратылыстан күмәндануда
16Расында адамзатты жараттық.Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз
17Оның, оңынан да солынан да екі байқаушы отырады. (С. 10-13-А)
18Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын
19Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің
20Сұр үріледі. Осы уәделі күн
21Әркіммен айдаушы және куә бірге келеді
22Расында осыдан кәперсіз едің. Ал енді сенен шымылдықты аштық. Сондықтан бұгін көзің өткірлесті" (делінеді)
23Жанындағы (періште): "Міне мендегі дайын" дейді
24Бүкіл қарсы болған қиқарды, тозаққа салыңдар" (делінеді)
25Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы және күмәнданушы
26Бұлар сондай Алламен бірге тәңір жасап алған. Енді оны қатты азапқа салыңдар
27Оның сыбайласы (шайтан): "Раббым! Оны, мен аздырмадым. Дегенмен өзі де ұзақ адасуда еді" дейді
28(Алла): "Менің алдымда тартыспаңдар. Сендерге алдын ала уәдені білдірген едім" дейді
29Менің алдымда сөз ауыстырылмайды. Сондай-ақ құлдарыма әділетсіздік істемеймін
30Ол күні, тозаққа: "Толдың ба?",-дейміз. Ол: "Тағы да бар ма?",-дейді
31Бейіш, тақуаларға жақындатылады, алыс болмайды
32Міне, уәде етілген нәрселерің; бүкіл тәубешіл, сақтанушылар үшін
33Кім көрместен Рахманнан корықса, бейім жүрекпен келсе
34Ұжмаққа аман-есен кіріңдер. Бұл мәңгілік күні" (делінеді)
35Бейіште олар не тілесе бар. Сондай-ақ жанымызда артығы да бар
36Олардан бұрын -өздерінен орасан мықты, мемлекеттерді кезген, нәсілді жоқ еткен едік. Құтылар жер бар ма
37Шүбәсыз бұнда (сезімтал) жүрегі барға немесе құлақ салып, әзір болғанга бір үгіт бар
38Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық, шаршамадық
39(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Раббыңды күн шығудан бұрын әрі батудан бұрын мақтай дәріпте. (Таң намазы, бесін, екінті. Б.Ж.М)
40Түннің бір бөлімінде және намаздардан кейін Оны дәріпте. (Намаздардың артындағы нәпілдер. Б.Ж.М)
41Жақын жерден бір айғайшының шақыратын (Сұр үрілетін) күніне құлақ сал
42Олар ол күні ащы дауысты анық естиді. Ол, (қабырдан) шығатын күн
43Расында тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ қайтар орын Біз жақ
44Сол күні жер жарылып, олар тезінен шығады. Осы жинау Бізге оңай
45(Мұхаммед Ғ.С.) олардың не дегендерін жақсы білеміз. Сен оларға зорлаушы емессің. Кім азаптан қорықса, Құранмен үгіт бер
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath