37. Әс-Саффат
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт
2Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт
3Үгіт оқушы (періштелерге) серт. (Алладан басқамен ант ету дүрыс емес. Бірақ, Алла тарапынан басқаға ант етілуі; ант еткен нәрселерде; ант етілген нәрселерге куәлік бар деген ұғымды береді. Т-Қ)
4Тәңірлерің біреу
5Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (С. 40-А)
6Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік
7Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық
8Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады
9Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар
10Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды
11Енді олардан сұра: "Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық
12(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (Бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды
13Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді
14Бір мұгжиза көрсе, олар тәлкек қылады
15Бұл мүлде ашық жады" деседі
16Біз өліп топырақ және сүйектер болган кезде, рас тірілтілеміз бе
17Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер
18Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер. "Әрине сендер кор боп тірілесіңдер" де
19Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады
20Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!",- деседі
21Бұл сендер жасынға шығарған билік күні
22Жинаңдар! Ол залымдардьі да сыбайластарын да олардың табынғандарын да
23Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер
24Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады" (делінеді)
25Оларға: "Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?",- (делінеді)
26Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар
27Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады
28(Олар бастықтарына): "Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер" дейді
29Олар: "Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер" дейді
30Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер
31Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз
32Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік
33Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады
34Сөз жоқ, Күнәкарларға солайша істейміз
35Расында оларға: "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" делінген кезде, менменсіген еді
36Олар: "Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па,- десті
37Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді
38Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар
39Сендер істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар
40Бірақ Алланың ықыласты құлдары бір сәрі
41Міне бұлар үшін белгілі бір несібе бар
42(Түрлі) жемістер де. Олар құрметке бөленеді
43Нығымет бақшаларында
44Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады
45Оларға қайнаған көзден кәселер айналдырыла ұсынылады
46Ішушілер үшін аппақ, тәтті
47Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды
48Олардың қасында телмірген ботакөздер бар
49Рас олар жарылмаған жұмыртқадай
50Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады
51Олардан бір айтушы: "Расында бір ағайыным бар еді" дейді
52(Ол, маған): "Шын-ақ растаушылардансың ба?',- дейді
53Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба
54(деп қасындағыларға): "Оны көргілерің келе ме?",- дейді
55Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де
56Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың" дейді
57Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине иен де тозаққа келтірілгендерден болар едім
58Біз өлмейміз бе
59Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмайыз
60Сөз жоқ, Бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (Бұл сөздерді жаннаттықтар айтады. Ж.Б.М.К)
61Ғамал қылуға тиісті
62Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққұм; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш түрі. Сөздік Әлмауарит)
63Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық
64Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш
65Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген ұғымда. Б.Ж.М.К.Р)
66Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады
67Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі
68Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады
69Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын
70Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді
71Олардан бұрын, алғашқылардың көбі адасқан еді
72Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік
73Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр
74Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа
75Расында Нұх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз
76Оны да семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық
77Нұх (Ғ.С.) тың үрпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік)
78Оны кейінгілерге дәріптеттік
79Нұх (Ғ.С.) қа бүкіл әлемнен сәлем болсын
80Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз
81Өйткені ол, сенуші құлдарымыздан
82Сосын басқаларын суға батырдық
83Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында
84Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді
85Сол уақытта әкесіне де еліне де: "Нелерге табынасыңдар?",- деді
86Алладан өзге етірік тәңірлер қалайсыңдар ма
87Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар
88Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жұлдыз жаққа назар аударып
89Мен науқаспын" деді
90Сонда ел одан бтрұлған бойда кете берді
91(Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барып: "Жемейсіңдер ме?- деді
92Неге сөйлемейсіңдер
93Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды
94Олар, оған жүгірісіп келді
95(Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?",- деді
96Алла сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты
97Олар: "Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер" десті
98Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік
99(Ыбырайш* Ғ.С.): "Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді" деді
100Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер
101Оны өте мұлайым бір ұлмен қуанттық
102Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: "Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?",- деда. Ол: "Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың" деді
103(Ыбырайым Ғ.С. құрбан айының ші күні; баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: "Таруя"; күдікгі күн деп, 9-шы күні; және қайта көріп, рас деп танығандықтан: Ғарифа"; тану күні деп, 10-шы күні және көріп, құрбан шалғандықтан: "Нахыр" деп аталады. Б.М.) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған бышақ кеспеді. Ж.М)
104Біз, оған: "Әй Ыбырайым,- деп, дабыстадық
105Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз" (дедік)
106Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді
107Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі. Б.Ж.М.К)
108Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық
109Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем
110Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз
111Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді
112Оны пайғамбарлардың ізгілерінен; Ысхақпен шүйіншіледік
113Өзіне де Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар
114Расында Мұса, Ћарұн (Ғ.С.) ға да игілік бердік
115Екеуін әрі елін зор апаттан құтқардық
116Оларға жәрдем еттік те сонда олар, жеңіске ие болды
117Екеуіне түсінікті кітап бердік
118Екеуіне тура жол көрсеттік
119Екеуіне, кейінгі нәсілдерде (жақсы даңқ) қалдырдық
120Мұса және ћартн (Ғ.С.) ға сәлем
121Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз
122Өйткені, екеуі де сенген құлдарымыздан еді
123Әрине Іляс (Ғ.С.) елшілерімізден еді
124Сол уақытта еліне: "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді
125Ерекше жаратушыны қойып, "Бағыл" атты бұтқа жалбарынасыңдар ма
126Алла, сендердің де бұрынгы аталарыңның да Раббы
127Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі
128Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа
129Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық
130Іляс (Ғ.С.) қа сәлем
131Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз
132Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді
133Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді
134Сол уақытта оны да семьясын да түгел құтқардық
135Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа
136Сосын өзгелерін жоқ еттік
137Әрине тәңертең, олардан өтіп жүресіңдер
138Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме
139Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді
140Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кемеге барып түскенде; кеме ауырлап, жүре алмай, шар салғанда соған шығады. Б.Ж.М)
141Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады. (Қарғып теңізге түсті)
142Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді
143Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді
144Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді
145Сонда оны қырға шығарып, тастадық. Ол науқас еді
146Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік
147Оны жүз мың не тағы артығырақ елге жіберген едік
148Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық
149Енді олардан сұра: "Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме
150Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме
151Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді
152Алланың баласы бар" деп, олар мүлде өтірік айтады
153Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме
154Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер
155Түсінбейсіқдер ме
156Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма
157Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер
158Олар Алла мен періштелер (Б.Ж.М.К.Р.) арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (Немесе Алла мен жын арасында жег-жаттық ұйгарды)
159Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк
160Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды
161Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп)
162Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар
163Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа
164Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ
165Шын мәнінде біздер қатарланып тұрушыларданбыз
166Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз
167Олар былай дейтін еді
168Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді
169Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік
170Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі
171Расында елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын
172Сөз жоқ, оларға жәрдем болады
173Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер
174(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра тұр
175Оларды көре тұр, олар да жақында көреді
176Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма
177Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман
178Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол
179Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді
180Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк
181Елшілерге сәлем
182Барлық мақтау бұкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath