26. Аш-Шуара
әлі сіздің тіліңізде аударма жоқ — ағылшын тілін көрсетеді
1Та. Син. Мим
2Бұл айқын Құранның аяттары
3(Мұхаммед Ғ.С.) олар ииан келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың
4Егер қаласақ, Оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, оған бой ұсынушыларға айналар еді
5Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады
6Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады
7Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктөр өсірдік
8Рас бұнда ғибрат бар да, олардың көбі сенуші емес
9(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың тым үстем, ерекше мейірімді
10Сол уақытта Раббың Мұса (Ғ.С.) ға: "Залым елге бар" деп, үндеді
11Перғауын еліне. Олар қорықпай ма
12(Мұса Ғ.С.): "Раббым! Рас мен олардың мені жасынға шығаруынан қорқамын" деді
13Көңлім тарайым, тілім жүрмейді. Сондықтан Һарүнға да пайғамбарлық бер
14Мен оларға күнәкармын. Сондықтан олардың, мені өлтіруінен қорқамын
15(Алла Т.): "Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз" деді
16Дереу екеуің Перғауынға баршы: "Біз бүкіл әлемнің Раббының елшісіміз
17Израил ұрпақтарын бізбен бірге қоя бер!",- (деңдер-деді)
18Перғауын: "Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл арамызда болмадың ба
19Ол қыларыңды қылдың. Сен нәсүкірлерденсің" деді
20(Мұса Ғ.С.): "Мен ол істі істеген кезде, қателескен едім" деді
21Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыр Раббым, маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды
22Сен Израил ұрпақтарын құл қылып, маған міндетсіген игілігің осы
23(Перғауын): "Әлемдердің Раббы дегенің немене?",- деді
24(Мұса Ғ.С.): "Егер анық сенетін болсаңдар, Ол; жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы" деді
25(Перғауын) маңайындағыларға: "Естімей отырсыңдар ма?",- деді
26(Мұса Ғ.С.): "Ол, сендердің де Раббыларың, бұрыңғы ата-бабаларыңның да Раббы" деді
27(Перғауын): "Тақ осы сендерге жіберілген Пайғамбар, мүлде жынды" деді
28(Мұса Ғ.С.): "Егер түсінетін болсаңдар, Ол; шығыс, батыстың және екі арасындағылардың Раббы" деді
29(Перғауын): "Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, әрине сені түрмеге саламын.",- деді
30(Мұса Ғ.С.): "Егер саған ашық дәлел келтірсем де ме?",- деді
31(Перғауын): "Ал әкел. Егер шын айтушылардан болсаң" деді
32Сонда ол, таяғын тастады да сол уақытта көрнеу айдаһар болды
33Тағы қолын шығарды. Ол, қараушыларга аппақ көрінді
34(Перғауын) айналасындағы бастықтарга: "Рас мынау, тым білгіш сиқыршы екен" деді
35Сиқырымен жерлеріңнен шығарғысы келеді. Ал бұган не бұйырасыңдар
36Олар: "Бұны да туысын да тоқтата тұрып, қалаларга жинаушыларды жібер" десті
37Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін
38Сонда белгілі күндегі орынға сиқыршылар жиналды
39Адамдарға да: "Сендер жиналдыңдар ма?",- делінді
40(Ел): "Егер жеңіске ие болса, әрине сиқыршыларға ереміз" (десті)
41Сиқыршылар келген сәтте, Перғауынға: "Егер біз жеңсек, әрине бізге сыйлық бар емес пе?",- деді
42(Перғауын): "Я, рас сендер онда маған жақындардан боласыңдар" деді
43Мұса (Ғ.С.) сиқыршыларга: "Немене тастасаңдар қане тастаңдар" деді
44Сонда олар арқандарымен таяқтарын тастап: "Перғауынның абыройы үшін біз жеңіске ие боламыз" десті
45Сонда Мұса (Ғ.С.) да таяғын тастады. Дереу ол, олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады
46Сондықтан сиқыршылар сәждеге жығылды
47Әлемнің Раббына иман келтірдік" десті
48Мұса мен Һарұнның Раббына
49(Перғауын) оларға: "Мен сендерге рұхсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Рас ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді білесіңдер; әлбетте қол-аяқтарыңды шадырлата кесемін, тіпті бәріңді асамын" деді
50(Сиқыршылар): "Оқасы жоқ. Раббымызға қайтамыз" деді
51Расында біз сенгендердің алды болғандығымыздан, Раббымыздың қателерімізді жарылқауын үміт етеміз
52Мұса (Ғ.С.) ға: "Құлдарымды түн қатырып әкет. Сөз жоқ, қуаланасыңдар" деп уахи еттік
53Сонда Перғауын қалаларға жинаушылар жіберді
54Расында бұлар (Израил ұрпақтары) аз топ" (деді)
55Сонда да олар бізді ашуландыруда
56Расында біз сақ бір топпыз
57Сөйтіп (Перғауындықтарды) бақшаларынан, бұлақтарынан шығардық
58Сондай-ақ қазыналарынан, салтанатты мекендерінен де
59Осылайша оларға Израил ұрпақтарын мұрагер қылдық
60Сонда олар, Израил ұрпақтарын күн шыға қуды
61Екі топ бірін-бірі көрген сәтте, Мұса (Ғ.С.) ның жолдастары: "Сөз жоқ, қолға түстік" деді
62(Мұса Ғ.С.): "Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді" деді
63Мұса (Ғ.С.) ға: "Таяғыңмен теңізді ұр!",- деп уахи еттік. Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлімі асқар таудай болды
64Артқыларды да сол жерге жақындаттық
65Мұса (Ғ.С.) ны да онымен бірге болған адамдардың барлығын құтқардық
66Сосын басқаларды суға батырдық
67Әрине бұнда ғибрат бар. Сонда да олардың көбі нанбады
68Расында Раббың Ол, аса үстем, тым мейірімді
69(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның Қиссасын баян ет
70Сол уақытта ол әкесіне, еліне: "Неменеге табынасыңдар?",- деді
71Олар: "Бұттарға шоқынамыз, оларға мүлде мүлгудеміз" деді
72(Ыбырайым Ғ.С.): "Олар шақырғандарыңда ести ме?",- деді
73Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре ала ма
74Олар: "Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық" деді
75Ал енді неменеге табынғандарыңды көрдіңдер ме?",- деді
76Сендер де бұрынғы аталарың да
77Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным
78Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді
79Ол, маған жегізеді де ішкізеді
80Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді
81Ол, мені өлтіреді де сонсоң тірілтеді
82Ол сондай Алла, киямет күні қателерімді жарылқауын үміт етемін
83Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр
84Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр
85Мені, нығметті жаннаттьің мұрагерлерінен қыл
86Әкемді жарылқа! Өйткені ол, адасушылардан." (С. 114-А)
87Қабырдан тұратын күні мені мүңайтпа
88Ол күні, мал да балалар да пайда бермейді
89Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді)
90Тақуаларға жаннат жақындатылады
91Азғындарға тозақ көрсетіледі
92Оларға: "Табынатындарың қайда?",- делінеді
93Алладан өзгелер, сендерге жәрдем ете ме? Яқи өздеріне жәрдем ете ала ма
94Табынылғандар да азғындар да тозаққа етбетінен құлатылады
95Ібілістің әскерлері де тұтас
96Олар онда былай деп таласады
97Аллаға серт, адасқан-ақ екенміз ғой
98Сендерді Әлемнің Раббына теңеуші едік
99Бізді күнәкарлар-ақ адастырган екен
100Енді біздің ешбір шапағатшымыз жоқ
101Жан күйер достымыз да жоқ
102Әттең! Қайтарылсақ, иман келтіргендерден болар едік
103Рас осы да бір ғибрат бар. Дегенмен олардың көбі иман келтірмеді
104(Мұхаммед Ғ.С.) расында Раббың тым үстем, аса мейірімді
105Нұх (Ғ.С.) тың елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды
106Сол уақытта, олардың туысы Нұх (Ғ.С.): "қорықпайсыңдар ма?",- деді
107Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін
108Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар
109Бұған Сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым әлемдердің Раббына тән
110Алладан қорқып, маған бағынындар
111Олар: "Саған қор кісілер ерді деп, иман келтірейік пе?",- десті
112(Нұх Ғ.С.): "Олардың не істегендерін білмеймін" деді
113Егер сезетін болсаңдар, олардың есебі Раббыма тән
114Иман келтіргендерді қумаймын
115Сондай-ақ мен ашық бір ескертушімін
116Олар: "Әй Нұх! Егер тыйылмасаң, әрине таспен атқыланғандардан боласың" деді
117Раббым! Рас мені, елім жасынға шығарды" деді
118Енді менімен олардың арасына нақ үкім бер! Мені де, мені мен бірге мүміндерді де құтқар
119Сонда оны да онымен бірге болғандарды да толы кемеде құтқардық
120Сосың, кейін қалғандарды суға батырдық
121Рас бұнда анық ғибрат бар. Сонда да олардың көбі сенбейді
122Рас Раббың үстем де мейірімді
123Ғад елі де елшілерді жасынға шығарды
124Сол уақытта оларға туыстары Һүд (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді
125Рас сендерге сенімді Елшімін
126Алладан қорқып, маған бағыныңдар
127Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Ақым әлемдердің Раббына тән
128Әр төбеге әншейін ескерткіш құрылыс жасайсыңдар ма
129Дүниеде мәңгі қалу үмітімен мықты сарайлар жасайсыңдар ма
130Қашан ұстасаңдар, қатты зорекерлікпен ұстадыңдар!" (Аямадыңдар!" Ж.Б.М)
131Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар
132Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар
133Сендерге малдар, балалар берді
134Бақшалар, бұлақтар берген (Алладан қорқыңдар)
135Сендерге болатын ұлы күннің азабынан қорқамын
136Олар: "Сен уағыздасаң да уағыздамасаң да бізге бірдей" десті
137Бұл бұрынғылардың ғана салты. (Яқи, бұл айтқандарыңды бұрынғылар да айтқан)
138Біз азапқа душар болмаймыз
139Сонда олар оны жасынға айналдырды да оларды жоқ еттік. Расында бұнда бір өнеге бар. Дегенмен олардың көбі сенбеген еді
140(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді
141Сәмүд елі де елшілерді жасынға айналдырды
142Сол уақытта туыстары Салих (Ғ.С.): "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді
143Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін
144Алладан қорқып, маған бағыныңдар
145Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті
146Сендер осы жерде бейбіт қала аласыңдар ма
147Бақшаларда, бұлақтарда
148Егіндерде, жұмсақ қауашақты құрма ағаштарында
149Сондай-ақ таулардан ойып, шеберлікпен үй жасайсыңдар ма
150Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар
151Шектен шығушылардың әміріне бағынбаңдар
152Олар жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік қылмайды
153Олар, Салих (Ғ.С.) қа: "Шынында сен жадыланғандардансың" десті
154Сен біз сияқты ғана адамсың. Егер шыншыл болсаң, бір белгі әкел
155(Салих Ғ.С.): "Міне, белгі бір аруана. Су кезегі, бір күн оныкі де бір белгілі күн сендердікі" деді
156Оған жаман ниетпен соқтықпаңдар. Онда сендерді ұлы күннің апаты қолға алады
157Олар, оны өлтіріп, тастады да өкініште болды
158Сонда оларды апат қолға алды. Расында бұнда ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді
159Расында Раббың тым үстем, ерекше мейірімді
160Лұт елі де елшілерді жасынға айналдырды
161Сол уақытта туыстары Лұт (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді
162Мен сендерге сенімді бір Елшімін
163Енді Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар
164Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті
165Дүниеде (қатындар тұрып,) еркектерге қосыласыңдар ма
166Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер асқынған елсіңдер
167Олар: "Әй Лұт! Егер тыйылмасаң, әлбетте (жұрттан) шығарыласың" десті
168Лұт (Ғ.С.): "Әрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін." деді
169Раббым, мені, семьямды бұлардың қылықтарынан құтқар
170Сонда оны да үй-ішін де тұтас құтқардық
171Жоқ болатындардың ішіндегі кемпірден басқа
172Сосын қалғандарды да жоқ еттік
173Оларға жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры нендей жаман
174Рас бұнда бір ғибрат бар,Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
175(Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың тым үстем, ерекше мейірімді
176Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды
177Сол уақытта оларға, Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді
178Рас мен сендерге сенімді бір елшімін
179Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар
180Сендерден бұған ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті
181Өлшеуді толықтаңдар да кемітушілерден болмаңдар
182Тура таразымен тартыңдар
183Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер (кісі хақысы жемеңдер) де жер жүзінде бұзақы болып, жүрмеңдер
184Сендер және бұрыңғы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар
185Олар: "Сен анық жадыланғансың." деді
186Сен біз құсаған ғана адамсың. Әрі сені өтірікшілерден деп, ойлаймыз
187Егер шын айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір
188(Шұғайып Ғ.С.): "Раббым не істегендеріңді тағы жақсы біледі
189Сонда олар оны жасынға шығарды да оларды түнек күннің апаты қолға алды. Рас ол, ірі бір күннің апаты еді
190Рас бұнда бір ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді
191(Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді
192Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені
193Оны сенімді РҰХ (Жебрейіл) келтірді
194Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды
195Ап-ашық бір арап тілінде
196Рас ол, бұрынғылардың кітаптарында да бар еді
197Израил ұрпақтарының ғалымдарының бұны білулері, олар үшін бір дәлел болмай ма? (С. 52-55-А)
198Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те
199Ол, бүны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді
200Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық. (Б.Р.) (Немесе күнәкарлардың жүректеріне қарсылық салдық. Ж.М.К)
201Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді
202Азап Оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді
203Сонда олар: "Бізге бір мұрса берілер ме екен?",- дейді
204Ал сонда олар: Азабымыздың тездетілуін тілей ме
205(Мұхаммед Ғ.С.): Көрдің бе? Оларды жылдарша қамтамасыз етсек те
206Сонсоң Оларға уәде етілген апат келсе
207Оларды пайдаланған нәрселері қорымайды
208Бір кентті жоқ еткен болсақ, әлбетте олар үшін ескертуші болған
209Ескерту берілген. Зұлымдық қылушы емеспіз
210Бұл Құранды шайтандар түсірмеді
211Оларға лайық та емес. Шамалары да келмейді
212Рас олар тыңдаудан мүлде ұзақтастырылған. (С. 17-18-А)
213(Мұхаммед Р.С.) Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың
214Жақын ағайындарыңа ескерт
215Мүміндерден саган ергендерге қанатыңды жай
216Сонда егер олар өзіңе қарсы шықса, онда: "Сендердің істегендеріңнен бездім" де
217Өте үстем, ерекше мейірімді Аллаға тәуекел ет
218Ол, сені тіке түрған сәтте, көріп тұрады
219Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де. Түңгі (Тәһажжүт намазына тұруыңды да басқа да тәһажжүт намазына тұргандарға айналуыңды да немесе жеке не жамағатпен тіке тұрып, рүкүғ, сәждеге көшіп, намаз оқуыңды Алла көреді. Ж.Б.М.К.Р)
220Рас Ол Алла, әр нәрсені естуші, білуші
221Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе
222Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі
223Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші
224Ақындарға азғындар ереді
225Рас олардың ойпаттарда қаңғып, жүргенін көрмедің бе
226Рас олар істемеген істерін айтады
227Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа. Ол зұлымдық қылғандар, жақында қалай айналдырылатындарын біледі. (Бұл мүмін ақындар; Ғабдолла Рауаха ұлы, Хасан Сабит ұлы, Кәгап Закір ұлы, Кәғап Малік ұлы. Б.М.Р)
көзі: Khalifah Altai
WEBREATH · 11:11
«If you are thankful, I will give you more» — Quran 14:7
Breath is one for all: everyone lives by it, whoever they are and whatever they believe. Every day at 11:11 local time people stop for sixty seconds, breathe, and thank GOD for the breath — each in their own words, each within themselves. In that minute we are One Breath.
WEBREATH — the Minute at 11:11, your own local time — we are One Breath